09 шілде 2015 23:27

Батыс Қазақстанда шенеуніктің бір әйелге былапыт сөз айтқаны видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube кадры ©Youtube кадры

Бүгін, 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруалығының бөлім басшысы Бауыржан Имашевке қатысты істі қарады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. 


Бүгін, 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруалығының бөлім басшысы Бауыржан Имашевке қатысты істі қарады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Басылым тілшілерінің мәліметінше, Бауыржан Имашевке қатысты тексерісті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарма басшысының "Мой Город" порталына берген онлайн-сұхбатында Самал есімді оқырманның сұрағы келіп түскеннен кейін қарай бастады. Нақтырақ айтсақ, қолданушы басшының Тасқала аудандық шенеунігінің бір әйелге қатысты былапыт сөз айтқанына байланысты пікірін сұраған.

Бауыржан Имашев тәртіптік кеңес мүшелеріне бұл оқиғаның 2014 жылдың 29 желтоқсанында мерекелік кеш кезінде болғанын айтып берді. "Мен сол жерде шамамен бір сағат болдым. Кетейін деп жатып, бір әйелдің аяғын басып кеттім. Мен бірден кешірім сұрадым. Бірақ ол былапыт сөз айтып, ұрыса бастады. Мен тағы да кешірім сұрасам да басылар емес. Мен өте қатты шаршаңқы болып, шын мәнінде шыдай алмай, оған қарата ұрыстым. Келесі күні мен оның үйіне барып, кешірім сұрадым. Ол да кешірім сұрап, өзін ұстай алмағанын айтты. Мен барлығын түсініктемеде жаздым", - деді ол.

Алайда шенеуніктің бұл сөзіне тәртіптік кеңес мүшелері сене қоймады. "Не, осылай сөйлейтіндей ұлы болып кеттің бе?! Міне, адамдар камераларын арқалап күні бойы жүгіріп жүр, олар да шаршады, сонда не, олар да тойып алып, бәріне тиісуі керек пе? Шаршадыңдар ма? Қымыз немесе көже ішіңдер, бұл да шаршағанды басады. Масқара бұл. Және әкім де жақсы мінездеме береді. Менің ұсынысым - қызметінен босатылсын", - деді тәртіптік кеңес мүшесі, кәсіпкерлердің аймақтық палатасының директоры Кеңес Әбсатыров тілшілерге қарата. 

Алайда тәртіптік кеңестің өзге мүшелері мұндай жазалау түрінің тым қатал екенін айтты. Мәселен, БҚО әділет департаментінің басшысы Әсия Мұхитова мұның ардың ісі екенін атап отыр. "(...) Қызметіне толық сай емес деген шешім шығарайық, егер ол ер адам болса, қызметті өзі-ақ босатады", - деді ол.

Соңында Әсия Мұхитованың ұсынысы қабылданып, Бауыржан Имашевке қызметіне толық сай емес екендігі туралы ескерту жасалды.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Шалқар қаласында болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлы жергілікті телеарна тілшілеріне берген сұхбаты әлеуметтік желілерді дүрліктірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети