22 қараша 2016 15:20

"Байсат" базарының әкімшілігі төтенше жағдайға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Байсат" базарының әкімшілігі төтенше жағдайға қатысты түсінік берді. "Байсат" ЖШС аға заңгері Айжан Иманқұлова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта жалға алушыларға тауарлардың шығынын толтыру мәселесінің қарастырылып жатқанын айтты.


"Байсат" базарының әкімшілігі төтенше жағдайға қатысты түсінік берді. "Байсат" ЖШС аға заңгері Айжан Иманқұлова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта жалға алушыларға тауарлардың шығынын толтыру мәселесінің қарастырылып жатқанын айтты.

"Жалға алушылардың тауарларының шығынын өтеп беру мәселесі сақтандыру келісімшарттары негізінде қарастырылады. Барлық тауар сақтандырылған. Қазіргі уақытта жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимаратты жалға алушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында базар аумағында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір "Байсат" базары штат режимінде жұмыс істеп жатыр", - деді Айжан Иманқұлова.

Сонымен қатар, компания өкілдері төтенше жағдайдың неден болғанын айтып берді.  "Ыдыс-аяқ сататын контейнерлердің арасындағы металдан жасалған шатыр құлап кетті. Бұл қардың көп жауғандықан болуы мүмкін. Қазір онда кіре алмаймыз. Келтірілген залалдар саналатын болады", - деді "Байсат" ЖШС өкілдері. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде 70 контейнер болған. Енді оларды қайта қалпына келтіру үшін 3-4 күн керек екен.


"Бұл құрылыс 6-7 пайдаланылған, шатыры металдан жасалған. Бізде осыған дейін мұндай жағдай болған емес. Өздеріңіз түсініп отырсыздар ғой, сол кезде қатты қар жауған болатын", - деді базар әкімшілігіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков "Байсат" базарында болған төтенше жағдайдан екі зардап шеккенін хабарлаған болатын.

Ал кейінірек Желіде "Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай 20 қарашада шамамен сағат 12.00 кезінде болған. Қазіргі уақытта полицейлер "Байсат" базарында болған төтенше жағдай дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети