02 қаңтар 2022 09:04

БҚО-да бір күнде жол апатынан алты адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың бірінші күні үш жол апаты тіркелді. Апаттан алты адам қайтыс болды, ішінде кәмелетке толмаған бір бала бар. Тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың бірінші күні үш жол апаты тіркелді. Апаттан алты адам қайтыс болды, ішінде кәмелетке толмаған бір бала бар. Тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал-Атырау тасжолында бір жол апаты болды. Оқиға салдарынан бала зардап шеккен, ол комада жатыр.

Екінші жол апаты Самара-Шымкент тасжолының 313-шақырымында болды, Toyota Prado мен Ваз 2112 соқтығысты. Оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болды, зардап шеккендер ауруханаға түсті.

Үшінші оқиға Деркөл ауылы маңындағы айналма жолда болды. Hyundai Santa Fe мен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ауруханаға барар жолда есін жимастан 9 жастағы бала көз жұмды.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті өкілі.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды. Өңірде бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети