22 ақпан 2021 17:51

БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

"Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы ЖКО орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети