23 шілде 2015 16:18

Божко: Көлдердің барлығында бақылау күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Божко. Кадр © TengrinewsTV Владимир Божко. Кадр © TengrinewsTV

Құтқару қызметі Алматыға жақын морена көлдерінің барлығында бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.


Құтқару қызметі Алматыға жақын морена көлдерінің барлығында бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.

"Біз морена көлдерін аралап ұшып көрдік. Алтыншы көлге сифондар жіберілді, ол су деңгейін түсіреді. Морена көлдерінің барлығында бақылауды күшейтеміз. Бұл морена көлінің қиындығы сонда, ол көлді ұстап тұрған тоғанды бұзбаған, көл тұрған мұздық арқылы еріп кеткен. Қазір су ақырын кетіп жатыр", - деді Божко Алматыда өткен арнайы брифинг барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Талғар көлінен жазыққа су кету қаупі болған. "Біз арнаны қалыпқа келтірдік, әкімшілік облыста болды. Көлдердің барлығының мониторгингі жүріп жатыр. Біз 4 тікұшақты қалдырдық, жиі аралап ұшып көретін боламыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Божко Алматыдағы төтенше жағдай режимінің апат салдарын жою шараларының соңына дейін сақталатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, селге байланысты Алматыда төтенше жағдай жарияланды. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, апат салдарын жоюға 2 миллиард теңге бөлінді. Әкімнің тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, сумен және медициналық көмекпен қамтылды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети