12 тамыз 2014 16:41

Ботқасынан құрт шыққан мектеп асханасы сотта жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ботқа салынған тәрелкелерден құрт табылған болатын. ©tengrinews.kz Ботқа салынған тәрелкелерден құрт табылған болатын. ©tengrinews.kz

Павлодарда мектеп директоры балаларға құрты бар ботқа берген асхана иесін сотта жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда мектеп директоры балаларға құрты бар ботқа берген асхана иесін сотта жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің хабарлауынша, №24 мектептің директоры Нұргүл Рахымғожина сотқа ар-намысын, іскерлік беделін қорғау және мектеп асханасын жалға алушы Флюра Магзюмовадан моральдық шығын өндіру жөнінде шағым түсірген. Еске салайық, құрты бар ботқа 2013 жылдың күзінде өңірде дау-дамай туғызған болатын. Сол кезде асхананы жалға алушы мұны мектеп директорының арандатушылық әрекеті деп мәлімдеген еді. Жауапкердің айтуынша, директор ботқаға құрттарды қасақана салып жіберген.

"Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Соттың шешімімен жауапкердің бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған директорға қатысты мәліметтері жалған деп танылды. Оған қоса, сот Магзюмованы арызданушыға 200 мың теңге сомасында моральдық шығын өтеуді міндеттеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

№24 мектеп оқушыларының таңғы асына дайындалған ботқадағы құрттарды мектептің медицина жұмысшысы байқаған болатын. Мектеп басшылығы бұл жайтты санитар-эпидемиологтерге хабарлады. Директордың айтуынша, жәндіктер тағам құрамында аспаздар мен асхананы жалға алушының салғырттығынан пайда болуы мүмкін. Мектеп басшылығы балаларға берілетін тағамның сапасыздығына қатысты асхана өкілдеріне бұған дейін де бірнеше рет ескерту жасаған.

Павлодарлық санитар-эпидемиологтер сол кезде оқушылар ботқасында құрттардың қайдан пайда болғаны анықталмай жатқанын хабарлады. Мектеп асханасындағы тағамдардан алынған сынамаларды тексерудің нәтижесінде өнімдер құрамында жәндіктердің бары расталмады. Кейін кәсіпкердің ресми өкілі Артем Плотников биологиялық сараптаманың қорытындысын жария етіп, ботқа құрамындағы құрттардың жылумен өңделмегенін, яғни олардың дайын өнімге сырттан салынуы мүмкін екендігін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети