14 наурыз 2014 17:32

Бірнеше облыста су тасқыны болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматы облысында су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "15-16 наурызда жылы температураның фонында және болжанып отырған жауын-шашынға байланысты Алматы облысының аласа таулы өңірлеріндегі жекелеген өзендерде су тасқыны болып, төмендегі учаскелерді басуы мүмкін", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында. Мамандар бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлаған. Гидрологиялық болжамға қарағанда, алдағы тәуліктерде жаңбырдың салдарынан Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да өзендердің суы көбейіп, тасуы ықтимал. "Демалыс күндері республиканың көп облысында жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райы болады деген болжам бар, жел 15-20 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қолайлы температураға байланысты түнде де, күндіз де жаңбыр жауады деп күтіледі, ал шығыстың және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталады", - деп хабарлайды "Қазгидромет". Сонымен бірге, Ақмола облысы мен Астана қаласында қатты жел соғатыны ескертілді. 15 наурыз күні өңірде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшетіні ескертілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети