10 қараша 2017 16:58

Дәрігерлер "Алтын Орда" базарындағы көпірден секірген қыздың жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарында көпірден секіріп кеткен қыз бала аса ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


"Алтын Орда" базарында көпірден секіріп кеткен қыз бала аса ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Төтенше жағдай туралы хабар 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 13.01-де келді.

"Оқиға орнына 8/90 жедел жәрдем көмегінің интенсив терапиясының бригадасы барды. Бригада сағат 13.14-те келді. Зардап шеккен қыз №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлмесінде қызды аурухананаың жетекші дәрігерлері: реаниматолог, нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр болатын, қазіргі кезде барлық қажетті диагностикалық шаралар жүргізілуде: зерттеу мен компьютерлік томография, пациент аппарат арқылы тыныс алып жатыр", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда қыз баланың "Алтын Орда" базарындағы көпірден секіріп кеткені хабарланған болатын. Видеоға қарағанда төтенше жағдай "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы жерде болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети