23 желтоқсан 2016 21:47

Даулы видеоның авторы Алматыда кептеліс жасады деп айыптаған қалалық ІІД-ге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даулы видеоның авторы Алматыда кептеліс жасады деп айыптаған қалалық ІІД-ге жауап берді. Алматы тұрғыны осы оқиғаның толық видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Даулы видеоның авторы Алматыда кептеліс жасады деп айыптаған қалалық ІІД-ге жауап берді. Алматы тұрғыны осы оқиғаның толық видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қалалық ІІД өкілдері жіберген ресми жауапта менің барлық көлікті өткізіп, көлік кептелесін жасағаным айтылады. Яғни, олардың айтуынша, бұл видеоның біраз жері үзіліп, монтаждалған. Сондай-ақ, олар менің тағы төрт көлікті өткізгенімді айтады. Мен мұның барлығын өтірік деп айтамын. "ВАЗдан" басқа ешқандай да көлікті өткізбегенім түсірілген видеоны да көрсетемін. Мен енді ғана көлік тұрағынан шыққан болатынмын. Ресми өкілдердің көпшілік алдында адамдарды қаралайтыны өкінішті", - деп жазды Иззат Милованов Tengrinews.kz редакциясына жолдаған хатында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда тұрақтағы көлікке жол берген жүргізушінің полицейлерден сын естігені жайлы хабарланған болатын. Оқиға Алматыдағы Жібек Жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. бағдаршамның жасыл түсіне үлгере алмайтынын аңғарып, тұрақтан шығып келе жатқан ВАЗ-2107 жүргізушісіне жол беруді ұйғарады. Осы уақытта оның артынан қызметтік көлікпен келіп қалған полицейлер дыбыс зорайтқышпен "Suzuki, жүресің бе, жоқ па?" дейді. Кейін полицейлер жүргізушіге "қызыл кресттенсің бе?" деп тағы сұрақ қояды. Бұдан кейін жүргізуші мен полицей сөз таластырып қалады. 

Ал кейінірек Алматы қалалық ІІД сын естіген "мейірімді" жүргізушінің оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети