09 қараша 2015 19:48

Егіз әйел Алматыдағы "Мерей" сауда орталығының ғимаратынан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tiravento.kz © tiravento.kz

Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы "Мерей" ойын-сауық және сауда орталығының ғимаратынан 49 жастағы егіз әйел секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Салтанат Әзірбектің мәліметінше, бұл оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Екі әйел алған жарақаттарынан қаза болған. "1966 жылғы әйелдер ғимараттан секіріп кетті. Бұл дерек Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын сотқа дейінгі тергеу анықтайды. Алдын-ала болжам бойынша, бұл - суицид", - деп хабарлады ол. Сонымен қатар, екі әйелдің жұмыссыз екені анықталды.

Еске салайық, қазан айының соңында Шымкенттегі Mega орталығында атыраулық ер адамның суицид жасағаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуына қарағанда, ер адам қоршаудан секіріп, мұз айдынына құлаған. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қарагөзованың айтуынша, Атыраудың 1973 жылғы тұрғыны мұзға құлады. "Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды", - деді Қарагөзова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети