04 наурыз 2014 12:01

Еліміздің үш облысында көлік жолдары жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік жолдары жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ақтөбе облысында 2 наурыз күні сағат 09.15-те қолайсыз ауа райы жағдайына (боран, көріну мүмкіндігінің шектелуі) байланысты Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз әкімшілік жолының Қандыағаш - Шалқар учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 2 наурыз күні сағат 19.00-де қолайсыз ауа райына (боран) байланысты Қызылорда - Павлодар тас жолының 12-216-шақырымында, яғни Қызылорда қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында 3 наурыз күні сағат 17.05-те Қызылорда - Павлодар автожолының Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети