08 қаңтар 2018 13:03

Ер адамның аурухананың төртінші қабатынан секіруі: Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай полициясы 44 жастағы ер адамның аурухананың төртінші қабатынан секіріп кетуіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзіне қол салуға дейін жеткізу" бойынша жүргізілуде. 

"Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнын тексеру кезінде зорлық-зомбылық іздері байқалмады", - дейді полицейлер. 

Мұның алдында, оқиғаның 2018 жылдың 6 қаңтарында болғаны хабарланған еді. "Дезориентация байқалған жоқ немесе қозуы болғаны емес. Ешкім мұндай болады деп күдіктенбеді. 4-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Неге олай жасағанын білмеймін. Полиция анықтап жатыр", - деген болатын қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети