06 маусым 2017 17:10

Ер адамның аузынан арматураны суырған сәтті видеоға түсірген дәрігерлер жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube арнасындағы видеодан скриншот YouTube арнасындағы видеодан скриншот

Қарағандыдағы облыстық медициналық орталықта түсірілген видеоға қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағандыдағы облыстық медициналық орталықта түсірілген видеоға қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ЖКО-дан кейін ОМО-ға арматура қадалған адам жеткізілді. Пациентке жоғары білікті медициналық көмек көрсетілді. Медициналық процедуралар кезінде 60-70 сантиметрлік арматура алынды. Маңызды дене мүшелеріне зақым келген жоқ. Осыдан кейін науқасқа шырышты қабығын қалпына келтіру бойынша ота жасалды. Өкініштісі, осы сәтте медицина қызметкерлерінің бірі болған жайтты телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл дәрігерлік әдепті бұзу екенін ресми мәлімдейміз. Қазір бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындасын кейін хабарлаймыз", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Иса. 

Сонымен бірге, ол қазіргі кезде науқастың ем алу үшін облыстық жақ-бет сүйегі аураханасына ауыстырылғанын да айта кетті. Бүгін жақтың жоғарғы бөлігін қалпына келтіру бойынша тағы бір ота жасалды екен. 

Еске салайық, Қарағанды облысындағы жол апаты кезінде арматура ер адамның аузына кірген болатын. Мұның алдында бұл сұмдық жол апатының мән-жайы белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети