04 ақпан 2014 16:53

"Эйр Астана" бортсерігі жолаушыдан таяқ жеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағында жолаушылардың бірі аға бортсерікті ұрып жіберген деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық әуетасымалдаушының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті мамандарының мәліметінше, Алматы - Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде эконом-класс жолаушыларының бірі мен аға бортсеріктің арасында жанжал шыққан. Жолаушы әуе компаниясы қызметкеріне қол жұмсаған. "Полиция жасағы шақыртылды. Әуе қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, жолаушылар мен жүк қайта тексерілді. Соның салдарынан рейс уақытынан 1 сағат 48 минутқа кешікті. Ұшақ сағат 15.08-де ұшып кетті. Қазіргі уақытта төтенше оқиғаны құқық қорғау органдары мен әуе қауіпсіздігі қызметі тексеріп жатыр", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі. Жолаушы Мұрат Қарымсақов оқиғаға бортсерікті кінәлайды. Оның айтуынша, жолаушы лайнер салонына кіріп, заттарын жайғастырмақ болған кезде, бортсерік оған дөрекі жауап берген. "Ол менің заттарымды лақтырып тастап, "өте беріңіз, біз заттарды ілеміз бе, ілмейміз бе, өзіміз шешіп, хабарлаймыз" деді. Мен оған менде "Эйр Астананың" Nomad Club күміс деңгейлі куәлігі бар екенін, құрметті жолаушы екенімді айтып көмек сұрадым, қолым бос емес болған соң, заттарымды орналастыруды өтіндім. Ол маған "блатной" куәліктерді көрсетудің қажеті жоқ, басқа жерде мақтаныңыз" деп, менің кесірімнен жолаушылар жолдан өте алмай тұрғанын айтты. Үш жолаушы түсініктеме жазып берді, менің пайдама 11 адам қол қойды, олар бортсерікті ұрмағанымды, итермегенімді айтып берді, мен де түсініктеме жаздым. Мен қол жұмсаған емеспін", - дейді Мұрат Қарымсақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети