31 қаңтар 2014 18:42

"Эйр Астана" рейстері кейінге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау әуежайы. ©Мgorod.kz Атырау әуежайы. ©Мgorod.kz

"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы ауа райына байланысты бес рейсті кейінге қалдырды, бұл туралы Tengrinews.kz-ке әуетасымалдаушының жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов хабарлады. Компания өкілінің айтуынша, атмосфералық қысымның жоғары болуына байланысты Атырау - Ақтау, Атырау - Астана және Мәскеу - Атырау бағытының екі жаққа ары-бері қатынайтын рейстері кейінге қалдырылды. Әбдірахымовтың мәліметінше, әуе кемелерінің әрқайсысын пайдаланудың ұшақты шығарушы зауыт бекіткен шектеулері бар. Бұл шектеулерді әуе компанияларының бұзуға құқығы жоқ. Сол себепті ауа райына байланысты әуе кемелері рейске пайдаланылмайды. Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында Алматыда тұманға байланысты бірнеше рейс кестесінен кешіккен болатын. Абу-Дабиге ұшуы тиіс жолаушылардың рейсі біршама уақытқа шегерілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети