02 қараша 2017 12:57

"Гүлжан" сауда үйінің маңында болған қанды оқиғаның жаңа деректері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Бауыржан Исабеков © Бауыржан Исабеков

Астанада "Гүлжан" сауда үйінің маңында соққыға жығылған 33 жастағы Бауыржан Исабековтің қарындасы Наргиз Ахметова қанды оқиғаның жаңа деректерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада "Гүлжан" сауда үйінің маңында соққыға жығылған 33 жастағы Бауыржан Исабековтің қарындасы Наргиз Ахметова қанды оқиғаның жаңа деректерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Наргиз Ахметованың айтуынша, оның ағасын жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. "Ол жансақтау бөлімінде бес күн жатты, кеше палатаға ауыстырылды. Әзірге ол ештеңе айтқан жоқ. Ол өзінің қайда, мұндай жағдайға қалаша тап болғанын білмейді. Дәрігерлер қандай да бір тексеру шараларын өткізу үшін әлі он күндей керектігін айтты. Қазіргі уақытта біздің бауырымыз оған қарайласып отыр", - деді Наргиз Ахметова. 

33 жастағы Бауыржан Исабековтің қарындасы ағасын ұрып-соғу ісі бойынша тергеудің жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, полиция Бауыржан Исабековтың ұалтасын тіміскілеп, бір затты алып, белгісіз бағытта кетіп қалған ер адамды іздестіріп жатыр

"Бауыржанның қалтасын тіміскілеген ер адам іздестіріліп жатыр. Біз оның нақты не алып кеткенін білмейміз. Ағамның екі телефоны болған, екеуі де жоғалып кетті", - деді Наргиз Ахметова. 


Бауыржан Исабеков және Наргиз Ахметова

"Видеодағы ер адам өтіп бара жатып, "қалтасын ақтарып көрейін" деген болуы керек. Бауыржанның қалтасынан не алып шыққанын да білмейміз. Ақша емес. Ол күні банкке барған жоқ. Ол "Гүлжан" дүкенінен шықты", - деп атап өтті ол.  

Еске салайық, бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі ауруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: "Ол қансырап жатыр", "Жедел жәрдем шақырыңыздар", "Тиіспеңдер оған". 

Мұның алдында "Гүлжан" сауда үйінің маңында болған оқиғаның фигуранты ұсталғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети