22 маусым 2015 13:41

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Украинада ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Украинада ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалынан белгілі болғандай, 1979 жылы туылған Мұса Інәркиевке қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Жамбыл облысы ІІД іздеу жариялаған. 2014 жылдың қыркүйегінде топ болып Жамбыл облысы Қонаев ауылында оқ ататын және суық қарумен қарақшылық шабуыл жасап, ақша, күміс және алтын бұйымдар мен басқа да материалдық құндылықтарды алып кеткен. Жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.

2015 жылдың наурызында қазақстандық Днепропетровская облысында ұсталды. "ҚР Интерполдың Ұлттық Орталығы Бюросының қызметкерлері покуратурамен бірлесіп Мұса Інкәриевті Украинадан экстрадициялады", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. Қазір ер адам қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Германияда темекі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық екі елші наурыз айында Қазақстан билігіне берілген болатын. 2014 жылдың сәуір айында екі елші де екі жыл және сегіз айға сотталды. Ал шілде айында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов СІМ бұл азаматтарды елге экстрадициялауға тырысатынын мәлімдеді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети