27 маусым 2015 17:53

Интернетте Павлодар полицейлерінің жанжалы туралы видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Интернетте Павлодар полицейлерінің жанжалы туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте Павлодар полицейлерінің жанжалы туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшеде видеокамераға түсіріліп, 25 маусымда YouTube желісіне жүктелген видеодан павлодарлық екі полицейдің көшеде тұрған ер адамға келіп, біреуінің оны бетінен ұрғанын көруге болады. Екі полицей де ер адамның қолын қайырып, оны автомобильге тыққылады. Мұны көрген әйел адам жүгіріп келді, осыдан кейін полицейлер ер адамды босатты. Видео "Павлодар полициясы" деген атаумен жүктелді. 

Павлодар ІІД болжамынша, ер адам мас күйде болған. Сондықтан да оған полицейдердің назары түскен. "Оқиғаның Павлодарда болғаны рас. Қандай жағдай болса да полицейлердің әрекеті ақылға қонымсыз. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ІІД қызметкерлері. Полициядағылар оқиғаны тергеу ІІД аймақтық қауіпсіздік басқармасының бақылауында екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети