06 маусым 2021 09:34

"Жағдайы ауыр". Екібастұзда 12 жастағы қызды көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екібастұзда көлік жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда көлік жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат болған жерден түсірілген видео Instagram желісінде тарады, кадрлардан жасөспірім қыз жүргіншілер өткелінен бірнеше метр жерде жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✍️ Жалоба Экибастуз (@zhaloba_ekibastuz)

Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"3 маусымда сағат 21.00-де Беркімбаев көшесінде Lada Granta көлігінің 45 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан кәмелетке толмаған бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деді Павлодар облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов.

Полиция қызметкерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

Дәрігерлер мектеп оқушысының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"2009 жылы туған қыз Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне политравма, оң жақ иығы сүйегінің, жамбас сүйектерінің сынуы, іш жарақаттары диагнозымен жатқызылды", - деді өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети