20 қаңтар 2015 18:56

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mipiloty.ru ©mipiloty.ru

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел бөлімінің бастығы Юрий Салагаевқа сілтеме жасап.


Жамбыл облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел бөлімінің бастығы Юрий Салагаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әуе кемесі 20 қаңтар күні Тараз қаласынан 300 шақырым қашықтықта, Шу ауданында апатқа ұшырады. Апат құрбандары туралы мәлімет нақтыланып жатыр. Бір адамның аса ауыр халде екені туралы ақпарат бар. Оқиға орнына құтқарушылар мен шұғыл әрекет ету қызметтері аттанды. 

Төтенше оқиға туралы ақпаратты "Апат медицинасы орталығы" мекемесінің облыстық филиалы мамандары да растады. Ұшақ Қарағанды облысынан ұшып шыққан. "Апат медицинасы орталығының" Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Жұмағали Пановтың хабарлауынша, қайғылы оқиға Шу қаласынан 60-70 шақырым қашықтықтағы Шатыркөл өзенінің маңында болды. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілдесінде Қызылорда облысында Ан-2 ұшағы құлаған еді. Төтенше оқиға Шиелі ауданының аумағында, "Халық" шаруа қожалығының күріш алқабында болды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети