01 шілде 2014 09:35

Жамбыл облысында шыны тиеген вагон рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен алынған Сурет Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен алынған

"Жамбыл облысында шыны тиеген бес вагон рельстен шығып кетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Жамбыл облысында шыны тиеген бес вагон рельстен шығып кетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 маусым күні сағат 12:30 шамасында Жуалы ауданының территориясында Шақпан стансасынан 25 шақырым жерде орын алған. Құрамында 61 вагоны болған № 3405 жүк пойызы Жамбылдан Түлкібасқа бағыт алған. Құрамның бас жағындағы 5-9 вагондар рельстен шығып кетіп, төртеуі аударылған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан теміржол төсеміне залал келген.

Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ Жамбылдық жол бөлімі бастығының жетекшілігімен апат салдарын жою бойынша шұғыл әрекет етуші штаб құрылды. Сағат 20:00-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта ведомстволық комиссия апат себептерін анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети