27 ақпан 2015 19:25

Жамбыл облысында тікұшақ құлап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©shemedesigners.com ©shemedesigners.com

Жамбыл облысында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше оқиға Талас ауданындағы Қаратау қаласында сағат 12.02 шамасында болды. "Қазаэронавигация" хабарламасы ТЖД жедел кезекшісінің пультіне сағат 12.20-да келіп түсті. Тікұшақ TalasInvestmentCompany натрий цианидін өндіретін зауыт аумағындағы алаңнан көтерілген. Біршама биікке көтерілгеннен кейін сол жерге құлады. Экипаж командирі тікұшақты жалғыз өзі басқарған, бортта жолаушылар болмады, зардап шеккен адамдар да жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметкерлері. 

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақтың құлауына машинаны басқару жүйесінің істен шыққаны себеп болды. Оқиға орнына Талас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы, өртке қарсы қызмет, ішкі істер қызметкерлері жіберілді. Барлығы 16 адам мен бес техника аттанды. 

Еске салайық, 2014 жылдың маусымында Алматы облысында Bell 206 тікұшағы Іле өзеніне апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған еді. Төтенше оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Тікұшақ Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай тоғыз шақырым қашықтыққа құлады. Зардап шеккендерді өзен жағасында жүрген орманшы құтқарды. Bell 206 Бақбақты - Аралтөбе бағыты бойынша жеке мақсатқа ұшқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети