07 қараша 2016 20:25

Жамбыл облысындағы дауылдың салдарынан 384 миллион теңге залал келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 қарашада Жамбыл облысында болған дауылдың салдарынан қанша залал келгені анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


3 қарашада Жамбыл облысында болған дауылдың салдарынан қанша залал келгені анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"454 нысанға залал келтірілді - 36 көпқабатты үй мен 343 жер үй. Дауылдың салдарынан жалпы 384 миллион теңге залал келген. Тараз қаласы бойынша 50 нысан зардап шекті, 280,1 миллион теңге залал келді", - деді Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Мейірбек Пралиев.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер, қайта қалпына келтіру жұмыстарын облыстық бюджет қаржыландырады. Қазір қажетті құжаттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қайта қалпына келтірілетін болады. Ал жер үйде тұратын тұрғындарын өздерінің жылжымайтын мүлігін сақтандырмаған жағдайда, қайта қалпына келтіру жұмыстарын өздері жүргізетін болатынын айтты.

Еске салайық, 3 қарашада Таразада жылдамдығы секундына 35 метрді құраған қатты дауыл болып, салдарынан оншақты талдар құлап, университет ғимараты бүлінді және қатты жел бірнеше үйдің шатырын жұлып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети