20 сәуір 2015 15:49

Жамбыл облысындағы жол апаты: Атамбаев қаза тапқандардың отбасына көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mes.kg ©mes.kg

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның Жамбыл облысында болған жол апатынан қаза тапқан азаматтарының отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республика президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.


Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның Жамбыл облысында болған жол апатынан қаза тапқан азаматтарының отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республика президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.

Көрші елдің президенті қаза болғандардың отбасына президенттік қорынан қажетті қаражат бөлуді тапсырды және қайтыс болғандардың денесін отанына жеткізу мен оларды жерлеу мәселесіне байланысты барлық шараларды жүргізу бойынша республика үкіметіне тапсырма берді. Қаза болғандардың денесі Қырғызстанға 20 сәуірде кешкі уақытта Қырғызстан республикасының ТЖМ ұйымдастырған автокөлікпен тасымалданады деп жоспарланып отыр. ТЖ қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Жамбыл облысында қаза болғандардың аты-жөнін анықтау процедурасы жүріп жатыр. Әзірше үш адамның (Қырғызстан азаматтары) аты-жөні анықталмады. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы жол апатында "Газель-2705" (мемлекеттік номері В147 FРО, иесі К.А.Аданов, 1976 жылы дүниеге келген, Алматы облысының тұрғыны - mes.kg ескертуі) жүк көлігі мен Mercedes-Benz Sprinter (көлік иесі мен мемлекеттік номері анықталып жатыр - mes.kg ескертуі) микроавтобусы соғысты. Микроавтобуста 18 жолаушы болды, болжам бойынша, олардың барлығы Қырғызстан азаматы. Оқиға орнында өртеніп кеткен 14 адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың ішінде "Газель" автомашинасының жүргізушісі және Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусының 13 жолаушысы болған. Олардың үшеуі - балалар.

Кейін қаза тапқандардың саны 16-ға жеткені белгілі болды. Олардың бірі Қарағанды облысы Приозерск ауруханасына түскеннен кейін қайтыс болды. Жамбыл облыстық ІІД өкілдері жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети