21 сәуір 2015 16:27

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың ДНҚ-сы Астанаға жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mes.kg ©Mes.kg

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың денесін анықтау жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың денесін анықтау жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы ІІД мәліметінше, қаза болғандардың денесі қатты зақымдалған. Баспасөз хабарламасында марқұмдардың туыстары мәйіттерді танымаған жағдайда, олардың терісінен генетикалық сараптама жүргізу үшін ДНҚ-ларының Астанаға жіберілетіні айтылды. Мамандар мәйіт иелерін анықтау оңайға түспейтінін айтты.

Жамбыл облысында қаза тапқандардың туыстары біртіндеп келіп жатыр. Алты адамның мәйіті жерлеу үшін өз отандарына жіберілді. Екі адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Қырғызстан ІІМ мен ТЖМ қаза болғандардың туыстары сенім телефоны арқылы ақпарат ала алатынын тағы еске салады.

Осыған дейін Балқаш ауруханасында 20 сәуірде 21.50-де 31 жастағы тағы бір азаматтың қаза тапқаны хабарланған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, оның 10 қабырғасы сынған. Қайтыс болған науқастың денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны осымен 17-ге жетті. Тағы екі зардап шегуші Приозерский аудандық ауруханасында жатыр. Аурухананың бас дәрігері Нұрлан Шәгіровтің айтуынша, олардың жағдайы тұрақталып келеді.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы Алматы-Екатеринбург автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, автобустың жолаушыларының көбі қаза тапты. Оқиғаны полиция қызметкерлері тергеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети