09 ақпан 2015 16:48

Жамбыл облысындағы ірі жол апаты: автобус жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©visti.ks.ua ©visti.ks.ua

Жамбыл облысында Алматы - Астана тас жолында апатқа ұшыраған Van Hool маркалы автобусының жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында Алматы - Астана тас жолында апатқа ұшыраған Van Hool маркалы автобусының жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бегалаев Б.А. басқарған автобус көктайғақтың салдарынан жолдың шетіне қарай аударылып кеткен.

"Автобус жүргізушісі қазіргі таңда уақытша қамау изоляторында отыр. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр, бірнеше сот сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласына бара жатқан автобустың 10 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді, үш адам Приозерск қаласының орталық ауруханасында жатыр.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында автобустың қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасының болғаны бұған дейін хабарланған еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің шұғыл қызметі жол апатынан зардап шеккен төрт адамды Приозерск қалалық ауруханасына жеткізді. Олардың үшеуі - ер адам, арасында Қырғызстанның бір азаматы бар және төртіншісі жүкті әйел. Тағы бір зардап шеккен адам туыстарының өтінішімен ем алу үшін Алматыға жіберілді. Қырғызстан азаматы ауруханадан шығып, емханада емделетін болды. Дәрігерлердің мәліметінше, олар әйелдің баласын сақтап қала алды.



 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети