11 қаңтар 2019 12:26

Жаркентте колледж мұғалімі студенттерді ұрып-соқты: Желіде видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында. 

Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері колледждегі ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

"Осы жағдайға байланысты Жаркент көпсалалық колледжінде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады", - деді басқарма өкілдері. 


видеодан кадр

Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети