ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2023 | 15:07
Желіде жас ұланның соққыға жығылған сәтінен видео тарады
Әлеуметтік желіде Семейдегі "Жас-Ұлан" лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады. Абай аудандық білім басқармасы оқиғаға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде Семейдегі "Жас-Ұлан" лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады. Абай аудандық білім басқармасы оқиғаға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейдегі лицей-интернаттың бірінде жігітке күш көрсетіп жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда әскери киім киген жігіттің екіншісін қалай ұрғаны көрсетілген.
Сондай-ақ, қолына белбеу ұстаған, форма киген ер адам баламен әдепсіз сөздер туралы түсіндірме әңгіме айтып, оны белдікпен ұрған видеосы да жарияланды.
"Жас-Ұлан" мектебі, Семей қаласы Білім министрлігі", - делінген видеоның сипаттамасында.
Абай аудандық білім басқармасы бұл кадрларға түсініктеме беріп, оқиғаның шынымен болғанын мәлімдеді.
3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.
Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды.
Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған "Жас-Ұлан" лицей-интернатының ұландары арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында" - деді ведомства.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также