10 шілде 2014 17:20

Жоғалған қыз баланы бұралқы ит құтқарған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі ©Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы Щучинск қаласында адасып кеткен қыз баланы кәдімгі бұралқы ит құтқарып қалды. Кішкентай Мәдина Ұранованың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне жоғалып кеткен қыз баланың қалай табылғаны туралы айтып берді.


Ақмола облысындағы Щучинск қаласында адасып кеткен қыз баланы кәдімгі бұралқы ит құтқарып қалды. Кішкентай Мәдина Ұранованың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне жоғалып кеткен қыз баланың қалай табылғаны туралы айтып берді.

"Мына жерде екіқабатты екі үй бар, қыста мұнда бір ит пайда болды. Күтімі жоқ ит. Бұралқы ит деуге болады. Келеді, кетеді. Біз, тіпті, оның атын да білмейміз, бізге келеді, тамақ береміз. Ол осы жерге үйреніп кеткен, ешкім оған тиіспейді. Бұл жерде тағы бірнеше ит бар", - дейді Арман Айжанов.

Мәдинаның жасы - екі жыл, алты ай. Қыз 9 шілде күні сағат 21.30 шамасында ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Ол орманнан итпен бірге табылды. Мәдинаның әкесінің айтуынша, әлгі иттің аналық инстинкті оянған болуы керек, ол орманда қыздың тоңып қалуына жол бермеген.

"Түнде салқын болды, қыз жылы киінбеген еді. Сондықтан ит қызды бауырына басып, түні бойы жылытқан деп ойлаймын", - дейді Арман Айжанов. Қазір қыз баланың жағдайы жақсы, бірақ түнімен масаға жақсылап таланған. Айжановтар отбасы тұратын жер орманды алқапта орналасқан. Қалың бұталар мен ағаштар арасында бала түгілі, ересек адамдардың да адасып кетуі әбден мүмкін.

"Қызымды тауып үйге әкелген кезде ол бірден менің ұялы телефонымды алып, "шариктер" ойынын қосшы" деп сұрады. Сонда мен оның жай-күйінің жақсы екенін ұқтым", - дейді Айжанов. Дегенмен отбасы әлі де мазасыз күйден арыла қоймаған. Мәдинаның әкесі енді бүлдіршінінен көз алмай қадағалап жүр. Ал қайырымды ит ауладан көрінбейді. "Тағы біреуді құтқаруға кеткен болар", - деп қалжыңдайды қыздың әкесі. 

Еске сала кетейік, Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жоғалып кеткен Мәдинаны орманнан бүгін, 10 шілде күні таңертең тауып алған еді. Ол итпен құшақтасқан күйі табылды. Мұның алдында полицияға қыздың ата-анасы балаларының жоғалып кеткенін айтып шағымданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети