14 қаңтар 2016 17:00

Жоғалып кеткен 23 жастағы астаналықтың оқиғасы хеппи-эндпен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© huffingtonpost.com © huffingtonpost.com

2015 жылдың 31 желтоқсанында жоғалып кеткен 23 жастағы астаналық табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның бауыры айтып берді.


2015 жылдың 31 желтоқсанында жоғалып кеткен 23 жастағы астаналық табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның бауыры айтып берді.

Оның айтуынша, бауыры Нұрсұлтанның жұмыс берушісі хабарласып, оның жұмысқа келіп, көліктің кілтін беріп кетіпті. Ержан інісінің екі жол-көлік оқиғасын жасағанын айтып берді. 11 қаңтарда болған екінші жол апатынан кейін автомобиль айып тұрағына қойылған екен. Ал оның ұялы телефонын көлігі зақымдалған жүргізуші алып қойған, өз кезегінде ол Нұрсұлтанның туыстарымен байланысқа шығып, телефонды кепілдік ретінде алғанын түсіндірген. "Бастысы ол аман-есен", - деді Ержан.

Осыған дейін ағасы Ержан 31 желтоқсанда 20.00 шамасында 23 жастағы інісінің Lexus автомобилімен кетіп қалып, қайта оралмағанын хабарлаған еді. Жоғалғанды табуға Астананың, Алматының және облыстардың ІІД барлық жеке құрамдары тартылды. Сонымен қатар, оның жоғалғаны жайлы хабар әлеуметтік желілерде де белсенді түрде таралды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети