13 қазан 2014 17:07

Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде 5 жасар бала төртінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Темірлан Сәндібаев үй ауласынан өткен жұмада, 10 қазан күні сағат шамамен 10.00-де жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Содан бері бала туралы дерек жоқ.


Ақтөбеде 5 жасар бала төртінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Темірлан Сәндібаев үй ауласынан өткен жұмада, 10 қазан күні сағат шамамен 10.00-де жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Содан бері бала туралы дерек жоқ.

Баланы іздеуге полицияның 715 қызметкері, 150 студент және 100 әскери қызметкер жұмылды, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдері. Сонымен бірге, баланы іздеуге волонтерлер де жәрдем жасап жатыр. Қалада Темірлан Сәндібаевтың суреті мен ол туралы жазылған парақшалар таратылып, оларды бағаналарға, дүкендерге, адамдардың көп жиналатын орындарына жабыстырылған. Айта кетейік, бұл оқиғадан соң облыс орталығының тұрғындары баласын көшеге жіберуге қорқатын болған.

Еске сала кетсек, бала жоғалған күні анасы оны үй ауласына ойнауға жіберіп, сосын 15 минутқа үйге кіріп кеткен. Аулаға қайта шыққан ол баланы таппаған. Туған-туысқандарының мәліметі бойынша, бала орта бойлы, бойы 110-112 сантиметр, қараторы, домалақ көзді, шашы қара. Темірлан Сәндібаев - отбасының кенжесі, оның ағасы мен әпкесі бар. Туған-туыстарының айтуынша, Темірлан салмақты бала. Олар баланың тірі екеніне және денсаулығы жақсы екеніне, табылатынына үміттеніп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети