24 сәуір 2014 16:28

Жол ережесін бұзған "комитетчиктің" кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнерегистратор кадры Бейнерегистратор кадры

Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып алып, өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкері ретінде дөрекі таныстырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып алып, өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкері ретінде дөрекі таныстырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, өзін "комитетчикпін" деп таныстырған жүргізушінің аты-жөні анықталды. Тексеру барысында автокөлік иесі Әбдірахманов Қуат Маратұлының "Кар-Тел" ЖШС жұмысшысы екені және оның ұлттық қауіпсіздік органдарына еш қатысы жоқ екені белгілі болды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсарын Алматы қаласы ішкі істер департаментінің мамандары тексеріп жатыр. Еске салайық, A676FAP деген нөмірі бар Toyota Camry жүргізушісінің жолдың қарсы бетіне емін-еркін шығып алғаны түсірілген бейнежазба ғаламторға орналастырылған болатын. Өзінің ереже бұзғанын байқап қалып, өтіп кетуіне жол бермеген көлік жүргізушісіне ол балағат сөздер айтып, сес көрсетті, қарсы бағытпен жүруіне кедергі болмауды ескертіп, өзінің "комитетчик" екенін айтты.

 

Айта кетейік, Алматыда қарсы бағытқа шығып, ереже бұзған прокурор формасындағы ер адамның әрекеті де бейнетаспаға түсіріліп, ғаламторға шығарылған еді. Көп ұзамай, оның кім екені белгілі болды. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі бейнежазбадағы адамның Медеу аудандық прокурорының аға көмекшісі екенін хабарлады, ол өз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети