27 қараша 2014 20:15

Жол-көлік оқиғасы үшін Қайрат Нұртастың анасына 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

Әнші Қайрат Нұртастың анасына Алматыда жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 210 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (388 мың теңге) айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 


Әнші Қайрат Нұртастың анасына Алматыда жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 210 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (388 мың теңге) айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 468-1 және 468-баптары - "Автокөлік, троллейбус, трамвай немесе басқа да көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерiн абайсызда адам денсаулығына орта деңгейде зиян келтiруге әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы" және "Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы" бойынша құқық бұзды. 

Әкімшілік іс материалдарына қарағанда, 2014 жылдың 27 тамызында Айдарбекова өзінің Lexus маркалы автокөлігімен Шевченко көшесімен батыс бағытта келе жатып, "Жол беріңіз" деген белгі бола тұра, өзге көліктерге жол бермей, көше қиылысына шығып кетеді де, Cherry және Toyota Corolla авокөліктерімен соқтығысады. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Cherry жүргізушісінің денсаулығына орта деңгейде зиян келді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша сот қаулысы 26 қараша күні шығарылды. Ол әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Евгений Мартыновтың денесінің көп жерін соғып алғаны, бассүйек-ми жарақатын алғаны және мойын омыртқасының қозғалып кеткені хабарланған еді. Ол Айдарбековадан емделу шығындарын талап етті. Айдарбекова болса, ер адамның ешқандай жарақат алмағанын, оның жай ғана табыс тапқысы келетінін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети