31 қазан 2014 15:54

Жол-көлік оқиғасына кінәлі әскери зардап шегушілермен ымыраға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызметтік куәлік. ©autolafa.kz Қызметтік куәлік. ©autolafa.kz

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасына кінәлі болған Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының офицері Мұхит Әубәкіров сотта жауап бермейтін болды, - деп хабарлайды "РИКА ТВ". Еске сала кетейік, ол жаяулар жолында екі қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болған еді. Бірақ оқиға куәгерлері оны ешқайда жібермей ұстап қалды.

Куәгерлер жол-көлік оқиғасына кінәлі офицерді өздері жазаламақ болды, бірақ полицейлер оған араша түсті. Содан кейін Әубәкіров зардап шеккен қыздардың туыстарының үстінен полицияға шағым түсірді. Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бірақ іс тараптардың ымыраласуымен тоқтатылды. Жол апатын жасады деп айыпталушы зардап шеккендердің әрқайсысына 2 миллион теңгеден төледі. Ол сонымен бірге полициядан өзіне шабуыл жасаған ер адамдарға қатысты шағымын қайтып алды. "Бұл бап бойынша осындай жайт қарастырылған. Қыста күшіне енетін жаңа Қылмыстық кодекс бойынша мұндай мәселе тек сотта ғана шешілетін болады", - деп түсінік берді облыстық ІІД баспасөз қызметкерлері.

Айта кетейік, Ақтөбедегі атышулы жол-көлік оқиғасы 2014 жылдың 13 тамызы күні болды, жол апатына кінәлі адам жұмыстан шеттетілді, ол жұмыстан өз еркімен кетуге арыз жазды. Прокуратура мамандары оқиға куәгерлерінің ісін айыптады. "Аталған азамат жол-көлік оқиғасына кінәлі болғанымен, ол сот қана іске асыратын төреліктің нәтижесінен басқалай жазалауға ұшырауға міндетті емес", - деді қадағалау ведомствосының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети