28 тамыз 2014 11:11

Жол-көлік оқиғасына кінәлі полицейдің әріптестері жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында полицей 26 жастағы қызды көлігімен қағып өлтіргеннен кейін Қарағанды полициясының бөлім жетекшілері қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары Жансерік Дәуренбеков мас күйде қызметтік көлігімен бір қызды қағып кеткен болатын.


Қарағанды облысында полицей 26 жастағы қызды көлігімен қағып өлтіргеннен кейін Қарағанды полициясының бөлім жетекшілері қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары Жансерік Дәуренбеков мас күйде қызметтік көлігімен бір қызды қағып кеткен болатын.

Бұл туралы Қарағанды облысының Абай аудандық сотында жол-көлік оқиғасына кінәлі полицейге тұтқындау бұлтартпас шарасын санкциялау кезінде айтылды. Сот процесіне қатысушылардың хабарлауынша, тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша ішкі істер департаментінің екі бөлімінің бірнеше жетекшісі қызметінен босатылды.

Атап айтқанда, Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы мен оның кадр мәселелері жөніндегі орынбасары және Жаңамайқұдық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, соңғысы "Медик" демалыс аймағында өзінің қызының туған күнін спирттік ішімдіктермен атап өткен. Ал ішкі істер департаменті жетекшілерінің бұйрығы бойынша жеке құрам өкілдеріне дәмхана-мейрамханалар мен демалыс үйлерінде спирттік ішімдік ішуге тыйым салынған.

Тәртіптік комиссия мүшелерінің шешімі бойынша қызметінен босатылған полицейлер мас әріптестерінің қызметтік көлікке отырып, жол-көлік оқиғасын жасауына жанама түрде кінәлі. Сотта айыпталушы полицейге жүргізушісі бар Lada Priora автокөлігі бекітілгені белгілі болды, алайда ол бұл көлікке отырмай, криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің қызметтік "Нивасын" мінген. Жалған мемлекеттік нөмір орнатып алып, демалыс аймағына барған.

Еске салайық, 24 тамыз күні Қарағанды облысының Абай ауданындағы Топар елді мекені маңындағы тас жолда Оңтүстік-Шығыс аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жансерік Дәуренбеков 26 жастағы қызды қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынған еді. Сараптама 30 жастағы полицейдің көлікті мас күйде басқарғанын анықтады. Сонымен бірге оның қызметтік көлікті полиция учаскесі маңындағы тұрақтан заңсыз алып мінгені де белгілі болды. Дәуренбеков соттың санкциясымен тұтқындалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети