15 қазан 2014 19:53

Жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған полицей көлікті құжатсыз басқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полицей көлікті ешқандай құжатсыз басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полицей көлікті ешқандай құжатсыз басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы оқиға орнында болған қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері айтты. "48 жастағы полиция қызметкерінің қалтасында да, автокөліктің салонында да көлік құралын басқаруға құқық беретін құжат болмады. Оның аты-жөні оның ұлына тиесілі Volkswagen автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша анықталды", - деді полицейлер. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына полицейдің өзі себепші болған.

Еске сала кетейік, Volkswagen мінген полицей басқаруға ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен болатын. Оның машинасы Opel автокөлігімен соқтығысты. Полицей оқиға орнында қайтыс болды. Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасынан Opel жүргізушісі зардап шекті. Оның миы шайқалып, басына жарақат түскен. Зардап шегуші "Нұрқазған" ЖШС кенішінің жұмысшысы екен.

Мұның алдында Қарағандыда тергеудегі және сотталған адамдар мінген арнайы машина Audi жеңіл автокөлігіне соғылған еді. Бұл оқиға 7 қазан күні болды. Құқық қорғау органының көлігі аударылып қалды. Бірақ оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети