11 наурыз 2014 11:02

Жолдарда тұрып қалған 203 адамға көмек көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Өткен тәулікте еліміздің республикалық және жергілікті маңызы бар көлік жолдарынан 203 адам құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Құтқару жұмыстары Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілді. Ақмола облысында Сабынды – Кеңбидайық тас жолының 6-шақырымында 20 адамы бар алты жеңіл автокөлік қарға тұрып қалған. Қорғалжын аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен "Орталық аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" мекемесінің өкілдері көліктерді Сабынды елді мекеніне сүйреп апарды, зардап шеккендер жоқ. Атбасар – Тимашевка автожолында 11 автокөлікке көмек көрсетілді, оларда 16 адам болды, қауіпсіз жерге жеткізілгендердің арасында бес бала бар. 11 наурызға қараған түні Атбасар – Шу тас жолынан тағы екі адам, Астана – Ерейментау жолының 31-шақырымынан 8 жолаушы құтқарылды. Екатеринбург – Алматы автожолының 904-шақырымында үш адам мінген бір жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған. Құтқарушылар жолаушыларды жолдың қардан тазартылған учаскесіне дейін жеткізіп тастады, оларды Жақсы елді мекеніне дейін жетелеп жүрді. Астана - Щучинск тас жолының 190-шақырымында, Жаңажол елді мекеніне жақын маңда төрт адамы бар тағы бір жеңіл автокөлікке көмек көрсетілді. Алматы облысында Талдықорған - Қапал автожолының 20-шақырымында күртік қарға бірден 52 көлік кептелген. Төтенше жағдайлар қызметі олардың қардан шығуына көмектесті. Жолдың қардан тазартылған учаскесіне 150 адам жеткізілді, олардың арасында 10 бала бар. "Қар құрсауынан барлығы 203 адам (оның 20-сы бала) мен 76 техника (оның екеуі - жүк көлігі) шығарылды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Айта кетейік, бүгін, 11 наурызда еліміздің барлық көлік жолдары ашық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети