23 сәуір 2014 11:41

Жүк пойызынан тасбақа салынған қаптар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның шекарашылары тасбақа салынған қаптарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның шекарашылары тасбақа салынған қаптарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Келес - Сарыағаш бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында тасбақалар салынған жеті қап табылды, оның жалпы салмағы - 280 келі", - делінген таратылған хабарламада. "Сарыағаш теміржол" шекаралық бақылау нарядының қызметкерлері бұл фактіні құқық қорғау органдарына хабарлады.

Еске салайық, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 3000-нан астам тірі тасбақа контрабандасының жолын кескен еді. Сарыағаш ауданының шекаралас аймағында екі қазақстандық ортаазиялық тасбақаларды бір машинадан бір машинаға тиеп жатқан кезде ұсталды. Ешқандай құжаты жоқ жүк Өзбекстанға жасырын жөнелтілмек болған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети