11 наурыз 2015 11:23

Жүкті әйел қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Территория происшествий Оқиға орны. ©Территория происшествий

Полиция Алматы облысында жүкті әйелдің жол-көлік оқиғасынан қаза табуына себепкер адамның кім екенін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет хабарлады. Алматы - Бішкек тас жолындағы ірі жол апаты 9 наурыз күні кешкісін болды. 


Полиция Алматы облысында жүкті әйелдің жол-көлік оқиғасынан қаза табуына себепкер адамның кім екенін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет хабарлады. Алматы - Бішкек тас жолындағы ірі жол апаты 9 наурыз күні кешкісін болды. 

Бұған дейін Тoyota Land Cruiser көлігінің тас жолмен шығыс бағытқа қарай қатты жылдамдықпен қозғалғаны хабарланған еді. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі темір тұлпарын ашулы күйде басқарып, жолдағы өзге көліктерге тақалып, оларға дабыл берген. Оң жаққа бұрылып кезекті көліктің алдына шықпақшы болған кезде Toyota-ның жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Жол талғамайтын көлік ол жерде Nissan Cefiro мен жүк көлігіне соғылды. Жүк көлігі соқтығыстан кейін жолдың жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылды.

Жол-көлік оқиғасынан Nissan Cefiro автокөлігінің жолаушысы - жүкті әйел қаза тапты. Ал көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін басқарған адам оқиға орнынан қашып кетті.

Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser соққыдан кейін айтарлықтай зақымданған, мұның арты көліктің өртенуіне ұласты. Джип жүргізушісі оқиға орнынан жаяу кетіп қалған. "Жүргізушінің аты-жөні анықталды. Ол - 1970 жылы туған ер адам. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға сол кінәлі. Автокөліктің өзі Алматыда тіркелген. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Нұрахмет. Оның айтуынша, ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Cefiro көлігінде отырған екі бала да зардап шеккен. Қазіргі уақытта Алматы облыстық ІІД жол-көлік оқиғасы орнын тастап қашқан ер адамды іздестіріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети