10 шілде 2014 14:38

Жүкті әйел өзін қағып кеткен шенеунікке кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Құрмашев. ©СТВ "Территория происшествий" Бақыт Құрмашев. ©СТВ "Территория происшествий"

Мәлика Чайбырова өзін және баласын көлігімен қағып кеткен экс-шенеунік Бақыт Құрмашевқа кешірім берді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Зардап шегуші атышулы жол-көлік оқиғасы туралы ештеңе естігісі келмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кінәлі жүргізуші кешірім сұраған.


Мәлика Чайбырова өзін және баласын көлігімен қағып кеткен экс-шенеунік Бақыт Құрмашевқа кешірім берді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Зардап шегуші атышулы жол-көлік оқиғасы туралы ештеңе естігісі келмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кінәлі жүргізуші кешірім сұраған.

"Сәбиімнің жағдайы жақсарып келеді. Өзім тәуірмін", - деді Чайбырова. Оның күйеуі Мамеджан Усманов экс-шенеунікке қатысты істің тоқтатылғанын айтты. Усмановтың айтуынша, Құрмашев зардап шеккен отбасыға көмектесіп жатыр. "Оны соттатудың қажеті жоқ деген шешімге келдік. Адам сәл қателескен екен, ондай жағдай әркімнің басында болады", - деді Усманов. Оның айтуынша, шенеунік бұл отбасыға ешқандай қысым көрсетпеген.

Усмановтың айтуынша, Құрмашев шок жағдайында оқиға орнынан қашып кетпек болған. "Ол қатты күйзелгендіктен солай істеген. Мен оқиға болған жерге екі минуттан соң келдім. Есікті ашқан кезде ол маған қарап, "кешір" деп айқайлады", - дейді Усманов. Еске сала кетейік, кінәлі адамның оқиға орнынан қашып кетуіне Тахмина Шохимардонова есімді куәгер жол бермеген еді.

Усмановтың айтуынша, сол күні ол әйелі мен баласын уәделі жерден алып кетпек болған. Бірақ бірнеше минутқа кешігіп қалады. "Жүргізуші қараңғыда жол ортасында адамдар тұрғанын көрмей қалған. Оларды айналып өтем дегенде, абайсызда қағып кетті", - дейді зардап шегушінің күйеуі.

Бұған дейін Құрмашевтің кепілмен босатылғаны хабарланған болатын. Прокуратура мамандары оның ауыр емес қылмыс бойынша айыпталып отырғанын айтты. Оқиға 23 маусым күні болды. Lexus жүргізушісі - күдікті Құрмашев бұл оқиғадан соң Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасы жетекшісі қызметінен босатылды. Бұл факті бойынша "Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережесін бұзу", "Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу" және "Қауіпте қалдыру" баптарымен қылмыстық іс қозғалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети