09 ақпан 2014 12:46

"Жұлдыз" тағы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews архивынан Сурет Tengrinews архивынан

Алматы қаласындағы "Жұлдыз" көтерме-сауда базары бүгін тағы отқа орана жаздапты. Құдай сақтағанда, өрт дер кезінде сөндірілген. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ТЖД-ның сенімді өкілі хабарлады. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінде сондай-ақ, "өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10.47-де келіп жетті. Өрттің бетін бірер минуттың ішінде қайтарып үлгердік. Базардың азды-көпті бір жарым шаршы метр жері ғана өртенген екен. Қазіргі кезде тексеру амалдары жүргізіліп жатыр" делінген. Естеріңізде болса, Розыбақиев көшесінде орналасқан "Жұлдыз" базары осыдан бірнеше күн бұрын ғана, яғни 3 ақпан күні өртенген болатын. Ол жолы он шақты сауда-қойма павильоны істен шығып, жалпы айтсақ, шамамен 80 шаршы метр жанып кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети