19 қазан 2017 14:38

Жұмысшының темір қоршауға қалай құлағаны туралы жаңа деректер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Оралда жұмысшысы темір қоршауға ішімен құлаған құрылыс бригадасының басшысы тергеліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бригада басшысының өзі айтып берді. 


Оралда жұмысшысы темір қоршауға ішімен құлаған құрылыс бригадасының басшысы тергеліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бригада басшысының өзі айтып берді. 

Қала кафелерінің бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке компанияның бригада басшысы жұмысшының темір қоршауға ішпен құлауына қатысты мән-жайды айтып берді. 

"Техникалық қауіпсіздік ережелері сақталды, бірақ, ТЖ болды. Жұмысшы бір орыннан екінші орынға ауысып жатып, шалынып құлады. Ол кезде мен шатырда емес едім. Бәріміз уайымдап отырмыз. Көп қан жоғалтты. Қазір мені тергеп жатыр, құрылыста жоқпын", - дейді бригада басшысы. 

Облыс орталығының Еңбек инспекциясы басқармасына болған оқиға жайында хабарланды. "48 жастағы Хайран Балмулдин тоғыз метр биіктіктен құлады. Ауыр жарақат алды. Бұл оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құры қарастырылып жатыр", - дейді БҚО Еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Арман Түйгінбаев. 

Зардап шеккен жұмысшының туыстары қандайда бір пікір айтудан бас тартты. 

Еске салайық, 17 қазанда 12:40-та Орал қаласының "Астана" ықшамауданында құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарып жатқан ер адам екінші қабаттың шатырынан темір қоршауға құлаған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети