18 қыркүйек 2014 11:05

Кафедегі жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі ауруханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылыстың салдары. ©Тengrinewstv.kz Жарылыстың салдары. ©Тengrinewstv.kz

Алматыдағы кафеде болған жарылыстан зардап шеккен 18 адамның 15-і дәрігерлердің тексеруінен соң үйлеріне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбековаға сілтеме жасап. Алматыдағы кафеде жарылыс 17 қыркүйек күні кешкісін болды.


Алматыдағы кафеде болған жарылыстан зардап шеккен 18 адамның 15-і дәрігерлердің тексеруінен соң үйлеріне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбековаға сілтеме жасап. Алматыдағы кафеде жарылыс 17 қыркүйек күні кешкісін болды.

"Зардап шеккен 18 адамның бәрі ауруханаға жеткізілді, қазір ауруханада үш адам қалды. 15-і үйлеріне жіберілді", - деді Дәуренбекова телефон арқылы. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Лейла Кеңесбаеваның хабарлауынша, жарылыстан соң 10 адам облыстық клиникаға, екеуі №7 қалалық ауруханаға, тағы екеуі №12 орталық ауруханаға жеткізілген және төрт адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. "Пациенттердің жағдайы орташа тұрақты деп бағаланып отыр", - дейді Кеңесбаева.

Ал Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, жарлысы дерегі бойынша тергеуалды тексеріс пен өрт-техникалық сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Бұған дейін 17 қыркүйек күні сағат 21.52-де Алматыда Мақатаев көшесіндегі кафеде жарылыс болғаны хабарланған еді. Кафе "Партнер" бизнес-орталығының бірінші қабатында орналасқан. Зардап шеккендер арасында кафе қонақтары мен қызметкерлері және кафенің жанынан өтіп бара жатқан адамдар бар.

Оқиға орнына өртсөндіру қызметі - жеке құрамның төрт машинасы мен 32 қызметкері келді. Алдын ала мәлімет бойынша, кафенің асханасында газ баллоны жарылған. Оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, кафедегі жарылыс жойқын болған. "Жарылыс болған кезде күркелер құлай бастады. Дүрлігу басталды, адамдар жан-жаққа қашты. Кафенің ішінде 5-6 адам және жазғы террасада да бірнеше адам қалды. Сынған заттар жан-жаққа ұшты, сынықтың бірі менің аяғыма тиіп, шалбарымды жыртты", - дейді куәгер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети