14 қаңтар 2015 18:45

Калачиде "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауыл әкімі ауруханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова. ©Ренат Ташқынбаев Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова. ©Ренат Ташқынбаев

Калачиден Есіл орталық ауруханасына Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Қабдірәшит Әлмағамбетов хабарлады. 


Калачиден Есіл орталық ауруханасына Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Қабдірәшит Әлмағамбетов хабарлады. 

"Алдын ала "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозы қойылды, бірақ ол әзірше нақты емес. Әзірше дәл диагноз қойылған жоқ. Біз оны теңестіру үшін басқа жаққа жіберетін шығармыз, Астанаға жіберуіміз мүмкін. Ол сенбі күні кешке түсті. Оның ауру белгілері ұқсас, бірақ кейбір симптомдары әдеттегідей емес. Оның бойында қорқыныш пен агрессия пайда болды", - деді Әлмағамбетов.

Айта кетейік, соңғы кездері ауыл әкімі Сәдуақасова Калачи тұрғындарын облыс пен ауданның басқа ауылдарына көшіру жұмыстарымен белсенді айналысты.

Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша осыдан бір күн бұрын тағы үш бала ауруханаға түскен. "Кеше кешке ауруханаға балалар келіп түсті, оларда әдеттегі белгілер бар: ұйқышылдық, әлсіздік, жүрістері тәлтіректеп, кеңістікті бағдарлай алмайды. Бір баланың жасы төртте, екіншісінікі 14-те және үшіншісі 15 жаста. Олар әр отбасының балалары, бірақ бір көшеде тұрады", - деді бас дәрігер.

Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылдың 5-қаңтарында Есіл ауданынан төрт емделуші санитарлық авиация арқылы Астананың ұлттық ғылыми медициналық орталығына жеткізілді. Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин жеткізілген науқастардың "ұйқышылдық ауруына" шалдығуына көптеген аурудың себеп болғанын айтты.

Бұл аурумен ауырғандар 2013 жылдың 22-23 наурызынан бастап тіркеле бастады, сол кезден бастап қазірге дейін 101 адам көмек сұраған, ал бұл ауруға қатысты жалпы саны 124 оқиға болды, кейбір науқастар бірнеше рет дәрігердің көмегіне жүгінген. Белгісіз аурудың кезекті таралуы 2014 жылдың 20-желтоқсанында тіркеліп, бүгінге дейін 50-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети