12 тамыз 2019 00:49

"Қалаға қауіп жоқ". Сағынтаев өрт болған жерге келді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге келді. Ол қылмыстық іс қозғалатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге келді. Ол қылмыстық іс қозғалатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Қаланың өртке қарсы негізгі күштері: ТЖД-ның жеке құрамының және коммуналдық қызметтердің 1500-ден астам қызметкері, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға жайында ІІМ және Қорғаныс министрлерімен сөйлестім. Қазіргі уақытта 10 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

11.08.2019 Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Қаланың өртке қарсы негізгі күштері: ТЖД-ның жеке құрамының және коммуналдық қызметтердің 1500-ден астам қызметкері, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға жайында ІІМ және Қорғаныс министрлерімен сөйлестім. Қазіргі уақытта 10 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ. Өртке қарсы қызмет күші қарауылдау режиміне өттi. Өрттің себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады. Өрт сөндіруге қатысып, ерлік танытып, тілсіз жауды қалаға таратуға жол бермегендерге алғыс айтамын. —— Сегодня на юго-западном склоне горы Кок-Тобе произошёл сильный пожар. Прибыл на место. Мобилизованы основные противопожарные силы города: более 1500 работников личного состава ДЧС и коммунальных служб, 70 единиц спецтехники. О ситуации переговорил с министрами внутренних дел и обороны. На данный момент пожар на территории 10 гектаров локализован. Ситуация под контролем. Город в безопасности. Противопожарные службы переходят на режим окарауливания. Будет возбуждено уголовное дело для выяснения причин. Благодарю всех, кто участвовал в тушении пожара и своими героическими действиями не допустил его распространения на город.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Сонымен қатар, Сағынтаев өртке қарсы қызмет күші қарауылдау режиміне өткенін хабарлады. Енді өрттің себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады.

Алматы әкімі өрт сөндіруге қатысып, ерлік танытып, тілсіз жауды қалаға таратуға жол бермегендерге алғыс айтты.

Еске салсақ, 11 тамызда сағат екілер шамасында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасынан бір шақырым жерде қурай жанған болатын. Өрт сөндіруге тікұшақтар жұмылды. ІІМ ТЖ комитетінің мәліметтері бойынша, өрт 19.58-де сөндірілді. Кейін қалада екінші өрт пайда болды. Оған дабылдың үшінші жоғары деңгейі берілді, өрт сөндіру барысында белгісіз адамның денесі табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети