22 қыркүйек 2014 16:22

Қалтасында әскеридің құжаты бар ер адам асылған күйде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астана мен Қарағанды арасындағы орманды алқаптан бір әскери адамның мәйіті табылды, алдын ала мәлімет бойынша, марқұм - № 22326 әскери бөлімнің 33 жастағы взвод командирі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана мен Қарағанды арасындағы орманды алқаптан бір әскери адамның мәйіті табылды, алдын ала мәлімет бойынша, марқұм - № 22326 әскери бөлімнің 33 жастағы взвод командирі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам ағашқа асылып қалған күйінде табылды. "Оның төс қалтасынан взвод командирінің жеке куәлігі мен соның атына тіркелген банк карточкасы табылды. Туыстары оны киімінің бөлшектеріне қарап таныды. Бірақ мәйіт шіріп бұзылғандықтан, оны әскери бөлімнің қамтамасыз ету және материалдық қамтамасыз ету ротасына қызмет ету взводының командирі деп, кесіп айтуға болмайды", - деп хабарлады Қарағанды гарнизонының әскери полициясының өкілдері.

Полицейлер әскери полицияның өндірісінде осы әскери бөлімнің взвод командирінің із-түссіз жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісі жатқанын айтты.

"Үш ай бұрын ол әскери бөлімнен шығып кеткен, бірақ үйіне бармаған. Іздестіру нәтиже бермеді", - деп хабарлады әскери полицейлер. Қазіргі уақытта мәйітке геномдық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұрын Қарағандыда қарауыл мұнарасында тұрған сарбаз өзін-өзі Калашников автоматымен атқан еді. Сарбаз ес-түссіз күйде қалалық аурухананың жансақтау блогына түсті. Кіші сержанттың не себепті өз-өзін атқанын әскери полиция мамандары анықтап жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети