22 қыркүйек 2016 16:48

КамАЗбен соғысқан Camry тізгінінде әйел болған - Алматы ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Куәгерлер жолдаған сурет © Куәгерлер жолдаған сурет

Алматы қалалық ІІД өкілдері КамАЗ бен Toyota Camry көліктерінің ұшыраған жол апатына қатысты деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қалалық ІІД өкілдері КамАЗ бен Toyota Camry көліктерінің ұшыраған жол апатына қатысты деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апаты Райымбек даңғылының шығыс бағытында, "Арзан" сауда үйінің маңында болған. Куәгерлердің пайымдауынша, Toyota Camry жүргізушісі шығысқа қарай кетіп бара жатып, ортаңғы қатардан сол жақтағы шеткі жолға ауыспақ болған. Ол жолда тіркемесі бар КамАЗ кетіп бара жатқан. Абайсыз жасалған әрекетінің кесірінен шетелдік көлік жүк көлігінің алдын қиған. Оның жүргізушісі тез әрекет жасай алмай қалып, Camry автомобилін соққан. Осыдан кейін екі көлік те жолды бөліп тұратын қоршауларды соққан.

"13.46-да Райымбек даңғылымен шығыс бағытта, Яссауи көшесінің шығыс жағында КамАЗ бен Toyota Camry көліктері жол апатына ұшырады. Camry тізгінінде әйел адам болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны қарады, бірақ ол ем алудан бас тартты. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеулердің реестрінде тіркелді. Бұл іспен Әуезов аудандық ІІБ-нің әкімшілік тәжірибе бөлімі айналысады. Жол апатының себебі анықталады", - деп мәлімдеді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


© Куәгерлер жолдаған сурет

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети