24 ақпан 2017 10:48

Қансыраған қызды ауруханаға жеткізудің орнына жеті шелпек таратқан жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сегіз жастағы қызды қағып кеткен жүргізуші өзінің "Мазда-626" маркалы көлігін Көксай елді мекеніндегі туыстарының үйіне жасырып қойып, өзі үйіне кетіп қалған. Өлім аузында жатқан қызды басқа жүргізуші ауруханаға жеткізген, - деп хабарлайды Patrul.kz.


Алматыда сегіз жастағы қызды қағып кеткен жүргізуші өзінің "Мазда-626" маркалы көлігін Көксай елді мекеніндегі туыстарының үйіне жасырып қойып, өзі үйіне кетіп қалған. Өлім аузында жатқан қызды басқа жүргізуші ауруханаға жеткізген, - деп хабарлайды Patrul.kz.

Сегіз жастағы қызды қағып кеткен Кеңшілік Қаниев Қарасай ауданы Көксай ауылындағы үйлердің бірінде көлігін жасырмақ болған. Оқиғаны жүргізушінің өзі баяндап берді. Ол оқиға болған күні Тәуелсіздік көшесімен туыстарына бара жатқан.

"Келе жатқанымда бір әйел мен оның қызы жол үстінде тұрған. Анасы жолдан өтіп, артынан ерген қызына өтпей тұра тұруға қолмен белгі берді. Қыз бала тыңдамай, жүгіріп келіп, менің көлігімнің шеткі айнасына соғылды. Білмеймін, бір қателік болды", - дейді Кеңшілік Қаниев.

Осыдан кейін жүргізуші қансырап жатқан қызды көлігіне отырғызып, ауруханаға қарай тартқан. Алайда ол Райымбек даңғылы және Ақсай көшесінің қиылысында өзге көлікке соғылған. 

 

"Мен баланы басқа көлікке отырғызып, жүргізушіні баланы ауруханаға жеткізуін өтіндім. Артынан өзім баратынымды, әзірше көлік оталмай тұрғанын айттым. Мен қатты шошындым да, ауруханаға емес, үйге кетіп қалдым", - дейді Кеңшілік Қаниев.

"Ол менің көлігімді соқты. Бала қансырап жатыр екен. Мен де селт ете қалдым, есеңгіріп қалдым десе де болады. Қызды көлікке отырғызып, ауруханаға алып кеттім. Қыздың туыстары мен полицияның келгенін күттім де, оларға не болғанын айтып бердім. Оны алып келген соң 15 минут өте дәрігерлер шығып, қыз баланың көз жұмғанын айтты. Бірақ ол көлік қаққан орында көз жұмған сияқты", - деп өз ойын айтты Теипжан Ушуров.

Қаниев көлігін жасырғаннан кейін ғана үйіне келген. "Үйге келдім. Ұйықтап қалдым, тынықтым. Әйеліме ештеңе айтпадым. Біраз уақыттан кейін не болғанын айттым да, жеті шелпек пісіріп, көршілерге тарат дедім", - деп есіне алды Қаниев.

Ал бұл уақытта қалалық полиция сипатталған көлікті іздеумен болды. Алматы қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Ерік Насырбеков жедел-іздестіру тобын құрып, бұл топ тоқтаусыз іздестіру жұмыстарынан кейін көліктің қайда тұрғанын анықтап, күдіктіні қолға түсірген.

"22 ақпанда сағат 19:40-та кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетіп, көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында көлік пен жүргізуші Көксай ауылынан табылды", - дейді іздеу бөлімінің инспекторы Евгений Павлов.

Күдіктінің үстінен адам мерт болған жол көлік оқиғасы және оқиға орнынан жасырыну деректері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 

Еске салайық, Алматы ІІД-ның Анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Рустам Әбдрахманов жүргізушінің екі бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлады - ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабының ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу"). Тергеу шаралары жалғасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети