ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 12:39
Қапшағайда кафе күзетшілерімен төбелескен полицейлер жұмыстан босатылды
Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері қаладағы кафелердің бірінің күзетшілерімен төбелескені үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері қаладағы кафелердің бірінің күзетшілерімен төбелескені үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 11 тамызға қараған түні кафеге кіреберісте болған. Мекеменің бірнеше келушілері екі күзетшіге шабуыл жасаған. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Видеода төбелесті бастаған Қапшағай полиция бөлімінің жедел қызметкерлері екені айтылған.
Кейін Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, ішкі қауіпсіздік қызметі мен кадрлар бөлімінің қызметкерлері бірден тексеруді бастаған. Нәтижесінде соталды тергеу басталып, төбелеске қатысушылар жұмыстан шығарылды.
"Полиция қызметкерлерінің оқиғаға қатысуы - бұл өрескел қателік. Олар теріс іс әрекеттері үшін Ішкі істер органдарынан шығарылды. Олардың әрқайсысының кінәсі қылмыстық істі тергеу барысында анықталып, сараланады", - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Қүдебаев.
Іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеуде.
"Қол астындағы қызметкерлерінің тәртіпсіздігіне жол берген басшыларының жауапкершілігін қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қарастырамыз", - деп қосты Қүдебаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также