30 қаңтар 2014 11:59

Қар басқан жолдардан жүздеген адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Республикамыздың көлік жолдарынан бір тәулік ішінде жүздеген адам құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қар құрсауында қалған жолаушылар үшін тікұшақтарды пайдалануға тура келіп отыр. Министрліктің жедел мәліметінше, 29 қаңтар күні Алматы облысындағы Үшарал - Достық автожолында ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 жүк көлігі жолда тұрып қалды. Құтқарушылар оқиға орнына барғанымен, жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан. Есесіне Алматы - Өскемен тас жолының 375-шақырымында жолаушылар жылдам жәрдемге мұқтаж болды. Жолдың бұл учаскесінде көктайғақтың кесірінен үш автобус жолдан тайып кетіп, тұрып қалған. Ақсу ауданының жедел құтқарушылары автобустарды Сағабүйен елді мекеніне сүйреп апарды. Құтқарылған жолаушылардың жалпы саны - 125 адам, оның ішінде алты бала бар. Ақтөбе облысында да құтқару операциялары көп болды. Самара - Шымкент автожолының Әйтеке би ауданы аумағындағы тұсында Ташкенттен Мәскеуге жол тартқан жолаушылар автобусы істен шыққан. 63 адам жолда қалды. Құтқарушылар оларды Аралтоғай елді мекеніндегі орта мектеп ғимаратына апарып орналастырды. Аязға қарамастан, зардап шеккендер болған жоқ. Самара - Шымкент жолының Хромтау ауданындағы учаскесінде 274 адамға көмек көрсетілді. Ауа райының қолайсыздығына мән берместен жолға шыққан 310 автокөлік күртік қарға кептеліп қалған. Олардың 80-нен астамы әлі жолда тұр. Құтқарылған адамдар Жазық, Абай, Құдықсай елді мекендеріндегі екі дәмхана мен бір кемпингке орналастырылып, ыстық тамақ берілді. Құтқару жұмыстарына облыс пен Хромтау ауданының барлық құтқару жасағы, өртсөндіру, судан құтқару қызметтері, Апат медицинасы орталығы мамандары, "Қазақавтожол", "Қазхром", Дөң кен байыту комбинаты жұмысшылары атсалысты. Өткен тәулікте Қандыағаш - Ембі - Ырғыз - Шалқар автокөлік жолында ескертуге қарамастан жолға шыққан 56 машина да құтқарылды. Жолы болмаған 117 адамның ешбірі зардап шеккен жоқ. Сонымен бірге, Әйтеке би ауданында 16 адамы бар алты автокөлік тағы құтқарылып, барар жеріне жеткізілді. Ақтөбе облысы бойынша барлығы 470 жолаушыға көмек көрсетіліп, 290 автокөлік қарлы жолдардан шығарылды, төрт жылыну орны ұйымдастырылды. Қызылорда облысында ауылдық округтер арасында қар құрсауында қалған төрт жолаушыға "Қазәуеқұтқару" кәсіпорнының тікұшағы дер кезінде көмекке барды. Шығыс Қазақстан облысында күшті боран кезінде Алакөл үстінен 15 балықшы мінген бес жеңіл көлік жағаға шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети